Біздің командамыздың бір бөлігі бол
Еуразияның лоукос-әуекомпаниясы
Миссиямыз
Жолаушы қажеттіліктерін ескере отырып, біз адамдар сенетін және ләззат алатын тиімді бюджеттік әуекомпания болу үшін үнемі инновацияларды енгіземіз.
Creative
Біз өз клиенттеріміз бен қызметкерлеріміз үшін құндылықтар жасаймыз. Біз өз мақсаттарымызға жету үшін инновациялық тәсілдер жасаймыз және клиенттерге өз тәжірибемізді ұсынамыз.
Happy
Біз клиенттермен және бір-бірімізбен қонақжай атмосфера жасаймыз. Бақытты қызметкер-бақытты жолаушы. Біз қызметкерлерді бақытты болуға шабыттандырамыз.
Agile
Көзқарасымыз
Біз қауіпсіз және жайлы саяхат үшін мүмкіндіктер жасай отырып, адамдарды жаңа көкжиектер ашуға шабыттандырамыз
Біз өзгерістерге тез әрекет етуге дайынбыз. Біз кез келген жағдайға қарамастан әрқашан тиімділіктің жоғары деңгейін сақтаймыз.
Reliable
Біз барлық іс-әрекеттерімізде этика мен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстанамыз. Біз әрқашан уәделерімізді орындаймыз. Клиенттер мен серіктестер бізге сенеді, біздің қызметкерлер біздің компанияда жұмыс істегісі келеді, өйткені біз табысты бизнесте жұмыс істейміз.
Modern
Біз өз клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Шекарасыз жұмыс істейміз. Біз әрқашан біздің қызметіміздің барлық салаларында заманауи болып табыламыз. Біз барлық заманауи трендтерді ұстанамыз.
Орталық Азия мен ТМД-дағы ең үздік лоукос-әуекомпания 2023-2024
Құндылықтарымыз
Біз CHARMing-піз

Біздің компанияда жұмыс істеудің артықшылықтары

Серіктестерден жеңілдіктер (мейрамханалар, дүкендер және т.б.)
Компания пайдасынан жылдық бонус
Жыл сайынғы үздік қызметкерлерді тану бағдарламасы
Әлемдегі қонақ үйлерге жеңілдіктер
Фитнес залдарына жеңілдіктер
Таланттарды дамыту бағдарламалары
Қызметкерлерді жалдау және көтермелеудің ашық және әділ жүйесі
Тренингтер мен оқыту
Корпоративтік зейнетақы жоспары
FlyArystan және Air Astana рейстеріне сізге және екі туысыңызға 90% дейін жеңілдік
Медициналық сақтандыру + стоматология
Қала орталығындағы заманауи кеңсе

Қала орталығындағы жайлы кеңсе

Біздің қызметкерлер

Мен 4-ші курста оқып жүргенімде, «Air Astana» компаниялар тобына тағылымдамадан өтуге өтініш бердім, және 1,5 жылдан кейін Жердегі қызмет көрсету бойынша супервайзер атандым. Біздің компанияның арқасында мен тек кәсіби тұрғыдан дамып қана қоймай, сонымен қатар жұмысты одан да жағымды әрі жайлы ететін бірқатар артықшылықтарға ие болдым.
Адильбек
Әуежайдағы қызмет көрсету супервайзері
Менің “Үлкен төрттік” аудит әлемінен қызықты авиация әлеміне өтуім өміріме аудитте кездеспеген жаңа мүмкіндіктер мен сынақтарды әкелді. Мен FlyArystan деп аталатын осы таңғажайып оқиғаны жасауға өз үлесімді қосқаныма және әлі де қосып келе жатқаныма әр күн сайын мақтанамын.
Айым
Қаржылық талдау менеджер
Қазір мен бортсерік-супервайзер лауазымында жұмыс істеймін. Мен бұл компанияны мансаптық өсу мүмкіндіктері және жұмысқа деген креативті көзқарасы үшін жақсы көремін. Компания бастамашылық пен жаңашылдықты құптайды, бұл жұмыс процесін тек тиімді ғана емес, сонымен қатар қызықты етеді. Біздің компанияда әрбір қызметкерді бағалайды, достық және қолдаушы атмосфера жасайды. Мұнда мен тек жұмыс қана емес, сонымен бірге армандарым мен амбицияларымды жүзеге асыра алатын, үнемі дамып, жетіліп отыратын орын таптым.
Бекзат
Бортсерік супервайзер
Мен 2021 жылдың наурыз айында компанияға қосылдым, сол кезде біз Piece Concept-ті енгізіп, алғашқы халықаралық бағытты аштық. Аналитик атанбас бұрын мен әртүрлі лауазымдарда жұмыс істедім: қоңырауларға жауап беру және сұрауларды өңдеуден бастап, SMM-командаға қатысуға дейін. Әртүрлі бөлімдерде өзімді сынап көру мүмкіндігі маған тәжірибе береді және бейімділікті, сондай-ақ сынақтарға дайындықты дамытады. Мен біздің компанияны басқа ірі компанияларда жоқ бірқатар артықшылықтары үшін жақсы көремін.
Нуриля
Байланыс орталығының аналитигі