Біз туралы
FlyArystan әуекомпаниясы 2019 жылдың мамыр айында қызметін бастаған және Алматы қаласында орналасқан.

FlyArystan лоукостер-әуекомпаниясының құрылуы 2018 жылы «Эйр Астана» АҚ базасында талқыланып, шешімді «Эйр Астана» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, британдық BAE Systems компаниясы және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 2-ші қарашасында бекіткен.


2024 жылы FlyArystan Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінен (ҚАӘ) жеке эксплуатант сертификатын (AOC) алып, қазақстандық авиациялық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Бұл әуекомпанияға жеке IATA кодына (FS) ие болып, халықаралық нарықтарға қатысуын кеңейтуге және басқа әуе жолдарымен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.

FlyArystan – «Эйр Астана» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы.
Біздің міндетіміз
Біз клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес, тұрақты инновациялар енгізу арқылы жолаушылар үшін сенімді әрі қызметтерін қуана пайдаланатын лоукостер болуды жалғастырамыз
Біздің ұстаным
Біз қауіпсіз және ыңғайлы саяхаттар жасау арқылы адамдарды жаңа көкжиектерді ашуға шабыттандырамыз.
Creative
Біз өз тұтынушыларымыз бен қызметкерлеріміз үшін құндылықтарды анықтаймыз. Өз мақсаттарымызға жету үшін инновациялық тәсілдерды қолданып, тұтынушыларымызға үздік тәжірибелерімізді ұсынамыз.
Happy
Біз клиенттерімізбен және өзара қарым-қатынас жүргізуде жайлы қарым-қатынас атмосферасын құрамыз. Бақытты қызметкер – бұл бақытты клиент.
Reliable
Біз барлық әрекеттеріміз бен бағыттарымызда адалдық қағидаларын жоғары деңгейде ұстанамыз. Әрдайым берген уәделерімізді орындаймыз. Клиенттер мен серіктестеріміз бізге сенеді, ал қызметкерлеріміз бізбен бірге жұмыс істеуді қалайды, өйткені біз арманға негізделген және табысты бизнес жүргіземіз.
Agile
Біз өзгерістерге жылдам жауап береміз. Кез келген жағдайда жоғары тиімділік деңгейін сақтаймыз.
Modern
Біз шекараларға қарамастан, клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет атқарамыз. Бизнесіміздің барлық салаларында әрдайым заманауи болуға тырысамыз. Заманауи тенденциялардың барлығын ұстанамыз.
Лоукост модель
FlyArystan классикалық бюджеттік әуекомпаниялары моделін ұстанады және жолаушылардың жеке қалаулары мен қажеттіліктеріне негізделген қызметтерге ғана ақы алады. Біз қолжетімді бағада жоғары сапалы қызметтер ұсынамыз, сонымен қатар қауіпсіздік пен қызмет көрсету деңгейін ұлттық тасымалдаушының стандарттарына сай сақтаймыз.

Маршруттық желі
FlyArystan рейстері 2019 жылдың мамыр айында екі ұшақпен алты бағыт бойынша басталды: Алматыдан Астана, Тараз, Уральск, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларына және кері бағыттарда. 2019 жылдың тамыз айына қарай бағыттардың саны артты. Қазіргі уақытта әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларынан заманауи Airbus A320 ұшақтарымен кең ауқымды маршруттар бойынша рейстер орындайды. FlyArystan әуекомпаниясының маршруттық желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік маршруттарды қамтиды.

Басқарма
2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan әуекомпаниясының президенті болып Йохан Эйдхаген тағайындалды. Йохан FlyArystan компаниясына Wizz Air әуекомпаниясынан ауысты. Онда ол бірқатар басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде соңғы уақытта Абу-Даби қаласында Wizz Air компаниясының басқарушы директоры қызметін атқарды. Wizz Air құрамында ол кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын да иеленген. Авиация саласына келгенге дейін ол шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.
Жетістіктер
2022
Алматы әуежайында iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылды. Бұл терминалдар жолаушыларға рейстерге өздері тіркелуге, жолжүк тапсыруға және қосымша қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді, сол арқылы кезектерді болдырмауға және уақытты үнемдеуге көмектеседі. Қазір мұндай терминалдар әуекомпания рейстер орындайтын Қазақстанның 14 қаласында орнатылған.

FlyArystan Skytrax авиациялық аудитінен өтіп, ең жоғары баға – 4 жұлдыз алды.
2023
2023 жылғы 20 маусымында Парижде өткен жыл сайынғы халықаралық Paris Air Show көрмесінде World Airline Awards марапаттау рәсімінің 24-ші салтанатты шарасы өтті. Қазақстандық FlyArystan әуекомпаниясы алғаш рет осы шараға қатысып, «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы» марапатын жеңіп алды.
2024
Әуекомпания Алматы әуежайында жаңа Baggage Drop Off (BagJan) технологиясын енгізді, бұл жолжүкті өзі тапсыру процесін айтарлықтай жылдамдатып, жеңілдетті.

FlyArystan кезекті рет «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы» марапатына ие болды.
2025
FlyArystan Skytrax тарапынан үшінші рет «Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы» ретінде танылды.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
  • 2023 жылғы 19 шілдеден бастап FlyArystan «Komek» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пилоттық жобасын іске асыруда. Жоба ресми түрде 2024 жылғы 1 ақпанда іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – коммерциялық әуе рейстеріне жеңілдіктер ұсыну арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау. «Komek» жобасы аясында әуекомпаниясы Қазақстан бойынша ұшатын I топтағы мүгедектігі бар адамдарға (мүмкіндігі шектеулі жандарға) және бір ілесіп жүретін адамға әуебилеттеріне 50% жеңілдік ұсынады. Сондай-ақ, осы жеңілдік аясында мүгедектігі бар жолаушыға 20 кг жолжүкті тегін тасымалдау мүмкіндігі беріледі. Бұдан бөлек, бастама шарттарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар және оларды алып жүретін адамдар әуебилеттеріне 100% жеңілдік алу құқығына ие. «Komek» жобасы туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы сайттан табуға болады: https://flyarystan.com/kk/travel-informations/social-responsibility

  • 2023 жылы әуекомпания Абай облысындағы жойқын өрттен қаза тапқан адамдардың отбасыларына қолдау көрсетті, қаза болғандардың туыстарына және апаттың салдарын жоюға қатысқан өрт сөндірушілерге, сондай-ақ гуманитарлық көмекті жеткізу үшін тегін әуебилеттерін ұсынды. Сонымен қатар, өткен жылдың жаз айларында әуекомпания Абай облысындағы орман алқаптарын қалпына келтіруге үлес қосты. Компания «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына өсімдіктерді өсіру үшін 570 қап, яғни 280 литр шымтезек субстратын сатып алып, жеткізді. Бұл қор 2024 жылғы күзгі отырғызу үшін 1 325 000 түп тұқыммен жабдықталған жабық тамыр жүйесі бар көшеттерге пайдаланылды, олар 315,5 гектар аумақта отырғызылатын болады.

  • 2024 жылы әуекомпания «Территория успеха» қоғамдық бірлестігіне қолдау білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға арналған айтрекер арнайы құрылғысын сатып алуға көмектесті. Бұл инновациялық құрылғы мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірінде маңызды рөл атқарып, оларды қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

  • Сонымен қатар, 2024 жылы FlyArystan Air Astana-мен бірге Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жеткізуге қолдау көрсетті. Әуекомпания еріктілерге тегін билеттер ұсыну арқылы, олар зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін оқиға орнына бара алды.

  • 2024 жылы Қазақстанның лоукостері Heart Center Foundation қоғамдық қорымен серіктес болып, Қазақстан аймақтарындағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және дәрігерлердің кәсіби деңгейін көтеру бойынша бастаманы қолдады. Әуекомпаниясы Астанадан Қазақстан қалаларына UMC Жүрек орталығының жетекші мамандарын тегін билеттермен қамтамасыз етіп, өз тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндік жасады.

  • 2025 жылы FlyArystan кезекті рет «Территория успеха» ұйымына қолдау көрсетті. Бұл жолы қолдау ата‑анасының қамқорлығынсыз қалған ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға бағытталған «Үміт» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асқан. Әуекомпаниясының демеушілігімен церебралды сал ауруымен ауыратын балалардан тұратын топқа кешенді бағдарлама жүзеге асырылдды. Олардың қатарында емдік гимнастика, остеопаттармен, логопедтермен және басқа да мамандармен сабақтар, сондай‑ақ әлеуметтік бейімделу мен оқуға қолдау көрсету шаралары болды.

  • 2025 жылдың шілде айында Астана халықаралық әуежайымен бірлесіп әуекомпаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға – «Особые праздники» қоғамдық қорының қамқорлығындағы жеткіншектерге техникалық ангарға экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара Астана күніне орай өткізіліп, балалар үшін инклюзивті орта қалыптастыруға және жаңа әсер сыйлауға бағытталды.

  • 2025 жылдың қазан айында әуекомпаниясы Heart Center Foundation қоғамдық қорымен ынтымақтастықты кеңейтіп, балалар кардиологиясы саласындағы білім беру бастамаларын қолдады. «Пациентская школа» жобасы аясында FlyArystan UMC (University Medical Center) Жүрек орталығының мамандарының ұшуын қамтамасыз етіп, дәрігерлер мен жүрек ақауы бар балалардың ата-аналарына арналған оқу сессияларын, дәрістер мен тәжірибелік шеберлік сабақтарын өткізуге мүмкіндік жасады.2026 жылдың қаңтарында FlyArystan Heart Center Foundation қоры ұйымдастырған балалар кардиологиясы бойынша көшпелі білім беру бағдарламасының логистикалық серіктесі ретінде алтыншы рет қолдау көрсетті. Сессия 23-24 қаңтарда Шымкент қаласында өтті. Оған өңірлік медициналық мекемелерден 60 балалар дәрігері және жүрек ақауы бар балаларымен Түркістан облысының отбасылары қатысты.

  • 2026 жылдың ақпан айында FlyArystan Қостанай қаласынан ерекше қажеттіліктері бар балаларға Астанада өткен «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарына қатысу үшін әуебилеттерін ұсынды. Қысқы инклюзивті ойындар 26-27 ақпанда Астанада өтіп, елдің әртүрлі өңірлерінен келген шамамен 150 бала мен жасөспірімді біріктірді.

  • Сондай-ақ «Бірінші болу – батылдық», Menin Armanym, Asar-Ume, «Человек в маске», Sebebker Bol қорларымен және Almaty Marathon, Astana Physics Battle және Abyroi Run секілді іс-шаралармен серіктестік жүргізілді.

  • FlyArystan сондай-ақ паралимпиада спортшыларына, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, емделуге немесе отаға бара жатқан ауыр науқас жолаушыларға, түрлі аурулары бар жолаушыларға, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысу үшін ұшатын мектеп оқушылары мен студенттерге қосымша жеңілдіктер ұсынады. Мұндай өтініштерді тасымалдаушы жеке тәртіпте қарастырады.
2023-2025 жылдары Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы
Кеңсе : info@flyarystan.com